Kaspersky – бағалау мен пікір білдіруге қатысты Пайдалану шарттары
Бағалау мен пікір білдіруге қатысты осы Пайдалану шарттары («Пайдалану шарттары») Kaspersky Lab UK Limited (тіркелген мекенжайы: New Bridge Street House, 30-34 New Bridge Street, London EC4V 6BJ, United Kingdom / пошталық мекенжайы: 1st Floor, 2 Kingdom Street, Paddington, W2 6BD England, United Kingdom) («Kaspersky Lab») ұсынатын Тұтынушылардың бағалау және пікір білдіру қызметімен («CRR қызметі») байланысты іс-әрекетіңізді реттейді, Kaspersky Lab жергілікті Құпиялық саясаты мен осы Пайдалану шарттары арасындағы қайшылықтар болған жағдайда, CRR қызметіне қатысты осы Пайдалану шарттарының күші басым болады.
Kaspersky Lab компаниясына кез келген контентті жіберу арқылы сіз мынаны мәлімдейсіз және оған кепілдік бересіз:
- сіз осы өнімге зияткерлік меншік құқығының жалғыз иесісіз;
- сіз жариялаған барлық контент дұрыс;
- сіз кәмелет жасына толғансыз;
- сіз жариялаған контентті пайдалану осы Пайдалану шарттарын бұзбайды және кез келген адамға немесе ұйымға зиян келтірмейді (соның ішінде контент немесе материал беделге нұқсан келтірмейді).
Бұдан әрі сіз қарай төмендегідей контентті жарияламайтыныңызды мәлімдеп, оған кепілдік бересіз:
- сізге жалған, нақты емес екені немесе жаңылыстыратыны белгілі контентті;
- кез келген үшінші тараптың авторлық құқығын, патентін, сауда белгісін, коммерциялық құпиясын немесе басқа да мүліктік құқықтарын, не болмаса жариялау немесе құпиялық құқықтарын бұзатын контентті;
- кез келген заңды, жарғыны, қаулыны немесе ережелерді (соның ішінде, бірақ бұлармен ғана шектелместен, экспорттық бақылауды, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды, жөн-жосықсыз бәсекені, кемсітуге қарсы күресті немесе жалған жарнаманы реттейтін ережелерді) бұзатын контентті;
- яғни, кез келген жеке тұлғаға, серіктестікке немесе корпорацияға жала жабу, әдепсіз, жеккөрушілік, нәсілдік немесе діни негізді немесе қорлау, заңсыз қорқыту немесе заңсыз қудалау деп қарастырылуы мүмкін контентті;
- сізге өтемақы төленген немесе кез келген үшінші тарап сыйақы берген контентті;
- басқа веб-сайттарға, пошта мекенжайларына, электрондық пошта мекенжайларына, байланыс ақпаратына немесе телефон нөмірлеріне сілтеме жасайтын кез келген ақпарат қамтылатын контентті;
- кез келген компьютерлік вирустар, «құрттар» немесе басқа зақым келтіруі ықтимал компьютерлік бағдарламалар немесе файлдар бар контентті.
Сіз Kaspersky Lab компаниясын (және оның лауазымды тұлғаларын, директорларын, агенттерін, еншілес ұйымдарын, бірлескен кәсіпорындарын, қызметкерлерін және үшінші тараптағы қызмет көрсетушілерін, соның ішінде Yotpo Ltd. компаниясын, бірақ онымен ғана шектелместен) барлық шағымнан, талаптан және залалдан (іс жүзіндегі және жанама) кез келген түрдегі және сипаттағы, белгілі және белгісіз, соның ішінде ақылға қонымды адвокаттық ақылар, сіздің өкілдіктеріңізді бұзудан туындайтын және жоғарыда көрсетілген кепілдіктер немесе сіздің кез келген заңды немесе үшінші тараптың құқықтарын бұзудан туындайтын шығынды өтеуге және оларды қорғауға келісесіз.
Жариялаған кез келген контент үшін сіз Kaspersky Lab компаниясына пайдалану, жаңғырту, көшіру, өзгерту, толығымен жою, бейімдеу, жариялау, аудару, туынды жұмыстар жасау және/немесе мұндай контентті сату және/немесе тарату және/немесе мұндай контентті бүкіл әлем бойынша кез келген пішінге, ортаға немесе технологияға енгізу үшін шектеусіз, мерзімі көрсетілмеген, қайтарылмайтын, тегін, басқа тұлғаларға беруге болатын және толық сублицензияланатын құқық бересіз.
Сіз жариялаған барлық контент Kaspersky Lab компаниясының өз қалауы бойынша пайдаланылуы мүмкін. Kaspersky Lab жарияланған кез келген контентті өзгерту немесе жою үшін сізде Kaspersky Lab компаниясына жүгіну мүмкіндігі болатынына кепілдік бермейді. Контент әдетте екі-төрт жұмыс күні ішінде жарияланады. Дегенмен Kaspersky кез келген контентті жою немесе жариялаудан бас тарту құқығын өзіне қалдырады. Сіз жіберген материалдың мазмұнына Kaspersky Lab емес, өзіңіз жауапты екеніңізді мойындайсыз. Сіз жариялаған контенттің ешқайсысының құпиялығын Kaspersky Lab, оның агенттері, еншілес тұлғалары, үлестес тұлғалары, серіктестері немесе үшінші тараптағы қызмет көрсетушілері және олардың тиісті директорлары, лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері сақтауға міндетті емес.
Біздің серіктесіміз – Yotpo Ltd. компаниясы CRR қызметінде «cookie» файлдарын пайдаланады. «Cookie» файлдары – веб-сайттан браузерге жіберілетін мәтіндік файлдар. Шолу кезіндегі таңдауларыңызды талдау арқылы веб-сайттар сізге бейімделген ақпаратты ұсыну үшін «cookie» файлдарын пайдалана алады. Егер сіз мұнымен келіспесеңіз, браузер параметрлерін «cookie» файлдары блокталатын немесе веб-сайт «cookie» файлын орналастырғысы келгенде компьютер сізге хабарлайтын етіп өзгерте аласыз. Дегенмен «cookie» файлдарын блоктау сіздің веб-сайтыңыздағы барлық функцияны бұдан былай пайдалана алмайтыныңызды білдіруі мүмкін. Yotpo Ltd. компаниясының үшінші тарап «cookie» файлдары туралы қосымша ақпаратты мына веб-сайттан таба аласыз: https://www.yotpo.com/privacy-policy/